Информатика мұғалімі – өзінің біліктілігі мен білім деңгейін үнемі жетілдіріп отыратын, өзгерістерге бейімделе алатын білімді маман, өйткені ғылым бір орында тұрмайды және үнемі дамып отырады. Заманауи мұғалім сабақтарында озық технологияларды қолдануға тырысады, оқушыларға мәтінді, кестелерді, суреттерді өңдеуге арналған бағдарламалармен жұмыс істеу дағдыларын үйретеді, бағдарламалау негіздерін зерттеп білуіне көмектеседі. Оқу процесінің басқа да жағын ұмытпаған жөн: оқушылар өз өмірінің көп бөлігін мектеп қабырғасында өткізеді, сол себепті информатика мұғалімі балалар үшін тек педагог емес, сонымен қатар дос, көмекші, психолог, кеңесші болуға тырысуы керек.
Ақпараттандыру бағдарламасында информатика мұғалімі маңызды рөл атқарады, сол маман арқылы білім беру ұйымдарында есептеу техникасын енгізу мен меңгеру жүзеге асырылады. Ол:
1) информатика және есептеу техникасы негіздерін оқытуды;
2) информатика бойынша білім беру мазмұнын компьютерлік техниканың үздіксіз өзгеріп отыратын аппараттық-бағдарламалық құралдарына бейімделуін жүргізуді;
3) басқа пән мұғалімдеріне ЕТ құралдарын пайдалануды үйретуді;
4) барлық оқу пәндері бойынша мұғалімдердің білім беру процесін ақпараттандыру қызметін үйлестіруді;
5) білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие және өндірістік жүйелерді басқаруды автоматтандыру жүйесінің жұмыс істеуін;
6) білім беру ұйымдарының басқа білім беру мекемелерімен, банктермен және дерекқорлармен ақпараттық байланыс орнатуын қамтамасыз етуі қажет.
Информатика мұғалімінің орташа жалақысы 120 мың теңге шегінде, сондай-ақ еңбек өтіліне, жұмыс орны мен аймағына байланысты.
Информатика кез-келген мамандықтың ажырамас бөлігі болып табылады; ол барлық білім беру жүйесіне, тіпті мәдениетке де белсенді еніп кетті. Бүгінгі таңда әр адам компьютерде кем дегенде қарапайым операцияларды орындай алуы және информатика негіздерін білуі керек.
Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жұмыс істеу үшін студенттің информатика, математика, логика саласында білімі болуы қажет.
Біліктілік деңгейін арттыру үшін минималды тәжірибе - 3-5 жыл.
Мамандық информатика мұғалімінде мынадай қасиеттердің болуын болжайды: аналитикалық және логикалық ойлау, жетік абстрактылы ойлау, стресске төзімділік, өзін-өзі ұйымдастыру, балаларға деген сүйіспеншілік, ұқыптылық, шығармашылық көзқарас, ұйымдастырушылық пен коммуникативтік қабілеттер.
Жас маман балалардың информатика кабинетінде болған кезінде олардың өмірі мен денсаулығы үшін жоғары жауапкершілік, әлеуметтік, жас ерекшелігі, психофизикалық және өзіндік қасиеттерін, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстарын жүзеге асыру қабілетінде тәжірибесінің болмауы сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін.
Ал информатика мұғалімі жұмысының артықшылығы - оның берген білімінің адам қызметінің барлық саласына қатысты болуында. Пәннің танымалдығы және ғылымның дамуы медицинаға, авиацияға, геологияға және т.б. жол ашады. Байқағанымыздай, информатика саласының мамандары үнемі сұранысқа ие.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек