\
Балабақшадағы тәрбиешілер мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік, физикалық және ақыл-ойының дамуын қамтамасыз ету мақсатында білім беру және ойын қызметін ұйымдастырады.
Осы саладағы маман балалардың қимыл дағдыларын, әңгіме айту, өлең оқу, ән айту, сахналық қойылым қою арқылы сөйлеу дағдыларын дамыта білуі керек. Сондай-ақ тәрбиешінің қарапайым математикалық білімі болуы тиіс, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарымен сауатты диалог жүргізуі керек.
Жас тәрбиешінің орташа жалақысы 80-140 мың теңге аралығында.
Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студенттің математика, ақпараттық технологиялар, биология, география саласында білімі болуы тиіс.
Жоғары білікті маман болу үшін минималды тәжірибе – 3 жыл.
Жас маман балалар арасындағы даулы жағдайлар, ата-аналар тарапынан қойылатын шамадан тыс талаптар, бейстандарттық жайттар сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін. Себебі кішкентай балалармен жұмысты алдын-ала болжап білу мүмкін емес, алайда бұл өте қызық.
Бұл мамандық әрқашан белсенді болуға, тәрбиешінің әрдайым оқып-үйренуіне және алға ұмтылуына мүмкіндік береді. Бұл маңызды, жауапты мамандық болғанмен, сауатты жұмысты ұйымдастыру арқылы қол жеткізілген нәтиже әрқашан қуантады - бұл тәрбиеші үшін де бүкіл қоғам үшін де жас ұрпақтың үйлесімді дамуын көру үлкен құндылық екенінің дәлелі.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек